icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

 Республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау жұмыстары: не істелді және не жоспарлануда?

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «ҚАЖСервис» ЖШС-і 2023 жылы жолдарды күтіп ұстау бойынша ауқымды жұмыстарды атқарды. Қысқы мезгілде 2,1 млн шақырым өткелдегі жолдардf қарқынды түрде қар тазаланды. Ол жұмыстарға КДМ, автогрейдер, шнекоротор және тракторлар секілді түрлі техникалар жұмылдырылды.

Сондай-ақ, 438,7 млн шаршы метр ауданда мұзға қарсы материалдар мен құм-тұз қоспасы (КДМ) себіліп, ол жұмыстарға 110 мың текше метр материал жұмсалды. Жолдағы қарды тазалау үшін 10 мың шақырым аралықта қар үйінділері жиналып, траншеялар қазылды.

Жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қарды ұстап тұру үшін 45 мың метр ағаш қорғаулары орнатылып, автопавильондар мен қиын қолжетімді жерлерде қар тазалау жұмыстары атқарылды.

Көктемгі, жазғы және күзгі мезгілдерде жол төсемінің жағдайын жақсарту үшін жұмыстар жалғастырылды. 75 мың шақырым аралықта жол жиектері мен жол жүру бөліктері тегістеліп, 128 мың шаршы метр ауданда қиыршық тас жолдар жөнделді. Бұдан басқа, ұзындығы 128 мың шақырым болатын жол жиектерінің бойындағы, еңістері мен резервтегі бөлігінде шөп шабылды.

«Кешенді мақсатты бағдарлама» аясында жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша маңызды көрсеткіштер орындалды. 500 мыңға жуық шаршы метр ауданда шұңқырлар жөнделіп, 565 мың метр болатын жарылған жолдар қалыпқа келтірілді. Сондай-ақ, 12,2 мың жол белгілері орнатылып, 31,5 мың шақырым ұзындықта жол жүру бөліктері белгіленіп, 13 мың метр қоршаулар орнатылып, жөнделді.

Сонымен қатар, 2023 жылы жол жүру бөлігінде, демалыс орындары мен автопавильондарда ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы ауданы 365 мың шаршы метр болатын аумақ тазаланып, 600 мыңға жуық тонна қоқыс шығарылды. Көлік құралдарының қауіпсіздігі мен үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін 2,2 млн км аралықта жолдарда патрульдеу және тексеру жұмыстары атқарылды.

2024 жылы бөлінген қаржы аясында қысқы күтіп ұстау кезеңде 1,5 млн шақырым аралығында жол қардан тазаланып, 260 мың шаршы метр ауданда мұзға қарсы материалдар себіліп, 12 мың шақырымда қар үйінділері мен траншеялар қазып алынды.

Бұдан басқа, 2024 жылдың бірінші тоқсанында су тасқыны қаупі бар учаскелерге инертті материалдар салынған қаптар әзірленіп, жолданды. Осы учаскелерге арнайы техникалар бекітіліп, су тасқынын алдын алу үшін жұмыстар жүргізілді.