icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖолда» жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша семинар-кеңес өтті

2024 жылғы 19 сәуірде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да (бұдан әрі-Қоғам) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының Қазақстандық ардагерлер ұйымы» РҚБ сарапшыларының қатысуымен тоқсан сайынғы жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өтті. Шараның басты мақсаты Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы хабардар етіп, осы мәселе бойынша талқылау ұйымдастыру. Семинар аясында сарапшылар квазимемлекеттік секторда жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан тәжірибелерімен бөлісіп, онымен күрес шараларын атап өтті. Қоғамның жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің мамандары 2024 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, компания ішіндегі жемқорлықпен күрес жұмыстарының оң нәтижесімен бөлісті. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі мердігелер мен Қоғам қызметкерлері арасында жемқорлық фактісін анықтап, құзыретті органдарға жолдаған болатын. Қоғам жол жөндеу жұмыстары бойынша белгілі бір сыйақы үшін жұмыс көлемін алып беремін дейтін үшінші тұлғалар тарапынан өзінің делдалдық қызметтерін ұсынатын алаяқтық туралы ескертеді. «ҚазАвтоЖол» жол жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары тек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында өтенін хабарлайды. Егер де сіз белгілі бір компания үшін тендерді өткізу және ол мәселені шешіп береміз деген ақпаратты естісеңіз, Қоғамның +7(7172) 648735 жедел желісіне, 1403 Колл орталығына немесе жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне келесі нөмір бойынша +7(771)8311777 хабарласа аласыз.

  • Size 166.9 Kb
Download Look
  • The size: 205.1 Kb
Download Look